Орал қаласында 77,3 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, 7,2 пайызға көбейді
ОРАЛ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Орал қаласында 2012 жылы 77,3 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді.
Орал қаласы әкімдігінен хабарлағанындай, бұл алдыңғы жылғыдан 7,2 пайызға көп. Соның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 53,1 млрд. теңгенің өнімі шығарылып, 8,4 пайызға артты. Электр қуатымен, газбен қамту, бу және ауа арқылы желдету кәсіпорындарында өнім көлемі 20,1 млрд. теңгені құрады.
Индустрияландыру картасы, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында жаңа өндіріс орындаы іске қосылды. Күні бүгін мына жобалар мәреге жетті:
-«Матрас өндіру кәсіпорны» («Квант» ЖШС), қуаттылығы жылына 14400 дана, құны 33,5 миллион теңге.
-Пенополиуретан өндірісі («Квант» ЖШС), қуаттылығы жылына 302,4 тонна, жоба құны 110 миллион теңге.
-«Балқыту-прокаттау зауыты мекемесі» («Батысжолқұрылыс» ЖШС), қуаттылығы жылына 27 мың тонна, құны 974,6 миллион теңге.
«Макарон өнімдерін өндіру» («Желаев комбинаты» ЖШС), қуаттылығы жылына 3 мың тонна, құны 330,9 миллион теңге.
-«Кондитерлік өнімдер өндірісі», жылдық қуаты 1821 тонна, құны 146,1 миллон теңге («Попков» ШҚ 500 тонна, «Свит» ЖШС 1029 тонна, «Родник» ЖШС 113 тонна).
-«Металлжабыны өндірісі» («Пластикавтотранс» ЖШС), жылына 125 мың шаршы метр, құны 35,6 миллион теңге.