Орал қаласында автокөлік екі бірдей адамды қағып, оның біреуі оқиға орнында көз жұмды

ОРАЛ. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қыркүйектің 24-інде Орал қаласындағы Достық және Еуразия даңғылдарының қиылысында қатты келе жатқан «Фольксваген» автокөлігі жол жиегіне шығып кетіп, екі бірдей адамды қақты,

Орал қаласында автокөлік екі бірдей адамды қағып, оның біреуі оқиға орнында көз жұмды

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елу-алпыс жас шамасындағы әйел адам оқиға орнында көз жұмса, 1990 жылы туған қыз түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде апаттың себеп-салдары анықталуда.

Жалпы, биыл облыста жол-көлік оқиғаларынан қырықтан астам адам қаза тапты.