Орал қаласында азамат соғысынан қалған снаряд табылды

ОРАЛ. 5 маусым. ҚазАқпарат - Кеше, 4 маусым күні 10.10 сағатта Оралдағы Чкалов пен Просторная көшелерінің қиылысында көше тазалайтын жұмысшылардың бірі азамат соғысынан қалған снарядты тауып алған.

Орал қаласында азамат соғысынан қалған снаряд табылды

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, снарядтың басқы бөлігінде жарғышы бар, ұзындығы 320 мм, диаметрі 78 мм.

БҚО ІІД «Арлан» бөлінісінің саперлері барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, снарядты аулаққа апарып, жойды.

Бұдан бұрын 15 мамыр күні Зеленов ауданы Зеленый ауылында азамат соғысынан қалған снаряд табылған болатын.