Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Орал қаласында бес шақырым кәріз құбыры жаңартылмақ

ОРАЛ. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында соңғы кезде кәріз құбырларында апат жиілеп кетті. Осындай оқиға өткен жылы орын алса, биыл сәуір айында екі рет қайталанды,

Орал қаласында бес шақырым кәріз құбыры жаңартылмақ
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қала әкімі Самиғолла Оразовтың сөзіне қарағанда, Оралдағы жылу желілерінің 75, ал су және кәріз құбырларының 30 пайызының әбден тозығы жеткен. Норматив бойынша 25 жылдан кейін алмастырылуы тиіс Еуразия даңғылы бойындағы кәріз құбыры жамап-жасқаумен қырық жылдан бері жұмыс жасап келеді. Апат болған құбырды жөндеуге әзірге 300 млн. теңге бөлінбек. Алдағы бір ай ішінде «Екінші база» ауданынан Құрманғазы көшесіне дейінгі аралықтағы барлығы 5100 метр жердің кәріз құбыры жаңартылады. Жалпы, қаланың инженерлік желілерін толық алмастыруға 18 млрд. теңге қажет.