19:48, 28 Ақпан 2012 | GMT +5
Орал қаласында екі адам есірткімен қолға түсті
ОРАЛ. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысы аумағында өтіп жатырған «Допинг» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 24 ақпан күні Орал қалалық ішкі істер басқармасы және жол полициясы

жеке батальонының қызметкерлері 33 жасар екі күдіктіні Есқалиев және Ларин көшелерінің қиылысынан тексеріп, қолға түсірген.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, оның біреуінен 1,3 грамм героин есірткі заты тәркіленіп, Орал қалалық ішкі істер басқармасы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Кейін анықталғанындай, екеуі де нашақор ретінде есепте тұрған. Ал екінші есірткіқұмарды тексергенде де дәл осы салмақта героин тәркіленген. Қазіргі уақытта күдікті қала аумағынан шықпау жөнінде қолхат берді.