11:53, 14 Қаңтар 2009 | GMT +5
Орал қаласында екі бірдей емдеу мекемесі салынуда
ОРАЛ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасының «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасына сәйкес Орал қаласында екі бірдей емдеу мекемесі салынуда,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өткен жылы 9-шы ықшамауданда ауысымына 500 адамды қабылдайтын қалалық емхана құрылысы басталды. Оның мердігері ? «Болашақ-Т» ЖШС, бірінші және екінші кезеңнің сметалық құны ? 135 млн. теңге. Қалаға қарасты Зачаган кентінде 200 төсектік облыстық көпбейінді балалар ауруханасы тұрғызылуда. Мұның мердігері ? «Алтим» ЖШС, құрылыстың сметалық құны ? 1,2 млрд. теңге.