Орал қаласында ер азамат көңілдесін атып өлтірген
ОРАЛ. 4 маусым. ҚазАқпарат - 2 маусым күні «Икарус» саяжай қоғамында үйдегі өрттегі сөндіру кезінде әйел адамның мүрдесі табылған болатын.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, мүрде қалдықтары сот-медициналық сараптамаға жіберіліп, соған сәйкес 47 жасар әйелдің мылтық оғынан өлгендігі анықталды.
Орал қалалық ішкі істер басқармасы 9-тірек бекетінің учаскелік инспекторлары қылмыстың ізін суытпай ашып, 59 жасар азаматты ұстады. Оқиға орнынан 12 ұңғылы аңшы мылтығының гильзасы табылған. Қолға түскен азамат өзімен бірге тұрған көңілдесін қызғаныш үстінде атып өлтірген.