Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Орал қаласында есірткі саудасымен айналысқан бір отбасыдан он жылда 23 адам сотталған

ОРАЛ. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Заңсыз есірткі айналымына қатысты қылмыс саны жыл сайын көбейіп отырғандықтан, Қазақстан да қатаң жаза қолдануға көшкен болатын. Таяуда БҚО-да да есірткі саудасына қатысты ауыр қылмысы үшін өмір бойы түрмеде отыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Орал қаласында есірткі саудасымен айналысқан бір отбасыдан он жылда 23 адам сотталған
Бұл туралы облыстық ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының бастығы Төлеуғали Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның пікірінше, бұл дұрыс, өйткені Орал қаласында есірткі саудасын «отбасылық бизнеске» айналдырып, төрт мәрте сотталғандар да бар. Тіпті ет комбинаты ауданында тұратын бір сыған отбасынан 10 жылда 23 адам сотталған. Түзелуге тырыспайтын мұндайларға қатаң жаза керек-ақ. Биылғы бірінші тоқсанда басқарма өкілдері 108 құқықбұзушылықты анықтады, 69 қылмыстық іс көтеріліп, 8 киләға жуық есірткі тәркіленген. Облыстық денсаулық сақтау департаментінің мәліметіне сәйкес өңірде 1507 нашақор тіркелген. Оның 121-і әйел болса, төртеуі кәмелетке толмаған.