Орал қаласында кедендік одақ жағдайында кәсіпкерлікке қатысты мәселелер талқыланды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс әкімінің орынбасары Берік Толымбаевтың атап өткеніндей, кедендік кедергілердің жойылуына байланысты Одаққа мүше елдерде өндірілген тауарлар бір-біріне еркін өтетін болады. Үкімет тарапынан бұл орайда күш те жұмсалуда, қаржы да салынуда. БҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің бастығы Әмірхан Мауқұловтың айтуынша, биылғы шілденің 1-інен бастап Кедендік одақ елдерінде өндірілген тауарларға кедендік салықтар салынбайды. Енді әкімшілік, жанама салық салу ісімен салық департаменті айналысатын болады. Сондықтан барлық деректер осы мекемеге беріледі. Қазіргі кезде өңірде Ресей, Беларус елдерімен сыртқы экономикалық байланыс жасайтын 709 қатысушы бар. Сол себепті кәсіпкерлерге қандай салық салынатыны және басқа мәселелер жөнінде түсінік беру жұмыстары жалғасатын болады.