Орал қаласында қылмыспен күресте оң өзгерістер бар, жалпы қылмыс 13 пайызға төмендеді

ОРАЛ. Қаңтардың 24-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында қылмыспен күресте оң өзгерістер бар, жалпы қылмыс 13 пайызға төмендеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қала прокуроры Амантай Рашқалиевтің айтуынша, полиция қызметін тиімді пайдалану, 11 тұрақты бекеттің, сондай-ақ 12 бейнебақылау камерасының болуы Оралда қылмыстың төмендеуіне мүмкіндік берді. Жасөспірімдер қылмысына ерекше мән беру нәтижесінде ол 14 пайызға азайды. Жалпы, өткен жылы 11 заңсыз актінің күші жойылып, 2871 адамның конституциялық құқығы қорғалды. 110 адам ? тәртіптік, 63-і - әкімшілік, 10-ы материалдық жауапкершілікке тартылып, мемлекет есебіне 400 мыңдай теңге өндірілді. Қылмыстың ашылу деңгейі 61,9-дан 71,4 пайызға өсуіне байланысты аяқталуы да көбейді. Айталық, 877 қылмыстық істің 743-і сотқа жолданса, 18-і қосымша тергеуге жіберілді, 69-ы қысқартылды. Сондай-ақ заңсыз ұсталған 14 адам босатылды.
Соңғы жаңалықтар