21:00, 02 Наурыз 2009 | GMT +5
Орал қаласында «Мерседес» автокөлігі көпірден секіріп кетті
ОРАЛ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласындағы Сырым Датұлы көшесі бойындағы үлкен көпірден «Мерседес» автокөлігі секіріп кетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Көпір жанындағы темір қалқандарды 25 метрге дейін сыдырып өткен автокөлік биіктігі 30 метр тік жардан ұшқан. Көлік ішінде жасы отыздар шамасында екі жігіт болған. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген.