Орал қаласында облыс әкімінің қатысуымен жаңа балабақша ашылды

ОРАЛ. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Бүгін Орал қаласындағы «Кеңдала» шағынауданында 175 орындық №38 «Жазира» балабақшасы ашылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жаңа жиһаздармен қамтамасыз етілген, кең де жарық ғимаратта балалар жеті топқа бөлініп, тәрбиеленбек. Балабақшаның ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, өткен жылы өңірде мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері 233-ке жетті. Жаңадан 17 балабақша іске қосылып, 1845 бүлдіршін жайлы орын тауып, тәлімді тәрбие алмақ. Биыл аталмыш ауданда 280 орындық тағы бір балабақша салынбақшы.
Соңғы жаңалықтар