Орал қаласында өнеркәсіп өнімінің көлемі 41 млрд. теңгеге жетті

ОРАЛ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында өткен жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 41 млрд. теңгеге жетті, бұл алдыңғы жылғыдан 0,5 пайызға жоғары,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімдігінен түскен мәліметке сілтеме жасап. Осының 66 пайызы өңдеу өнеркәсібінің үлесіне тиеді, мұнда 23 миллиардтан астам теңгенің өнімі өндірілді. Электр қуатын, газ бен суды өндіру мен бөлу кәсіпорындарындағы өнім көлемі 11 млрд. теңгеден асты. Қалада негізгі қаржыға қосылған инвестиция көлемі 22 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылғыдан 13 пайызға артық. Сондай-ақ өткен жылы жалпы құны 4 млрд. теңгеден асатын 145 нысан іске қосылды.
Соңғы жаңалықтар