Орал қаласында өрт оқиғасынан үш адам қаза тапты
ОРАЛ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында өрт оқиғасынан үш адам қаза тапты.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, Ж.Молдағалиев көшесі бойындағы 33-үйден өрт шығып, 46 жасар пәтер иесінің мүрдесі табылды. Өрт отпен абай болмаудан шыққан. Сондай-ақ Коммунальный көшесі 27/2-үйі маңындағы жылу трассасы жанындағы тұрмыстық қалдықтар өртенген. Сол арадан екі адамның өлігі табылған. Бұлар белгілі бір тұрағы жоқ адамдар деген болжам айтылуда.
Өрттердің шығу себептері мен келген шығын анықталуда.