Орал қаласында самбодан Қазақстан біріншілігі аяқталды

ОРАЛ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында самбодан ересектер арасында Қазақстан біріншілігі аяқталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оған ел аймақтары мен Астана, Алматы, Байқоңыр қалаларынан он жеті команда құрамында екі жүзден астам балуан қатысты. Ерлер мен әйелдер барлығы тоғыз салмақ дәрежесінде жеңімпаздарды анықтады. Сондай-ақ әскери самбодан да озып шыққандар белгілі болды. Бұған дейін әр жылдары Асқар Шайхиев, Қоныс Жетпісов, Ерболат Байбатыров сынды әлем чемпиондарына қанат қақтырған батысқазақстандықтар да жерге қарап қалған жоқ. Олар үш алтын, төрт-төрттен күміс пен қола медальдарды олжалады. Әсіресе, әлем чемпионы Е.Байбатыров өз салмағында тағы да үздік шығып, бабында екенін дәлелдеді. Біріншілік қорытындысына сәйкес ел құрамасы жасақталып, үздік балуандар биылғы Азия және әлем чемпионаттарына қатысатын болады.
Соңғы жаңалықтар