Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Орал қаласында санэпиджағдай қалыпты

ОРАЛ. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - Орал қаласы бойынша өткен жылы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал қалыпты болды.

Орал қаласында санэпиджағдай қалыпты

Орал қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасынан хабарлағанындай, аталмыш мекеменің бақылау құзырына 265 864 тұрғыны бар Орал қаласы мен Зашаған, Деркөл, Круглоозерный және Желаев кенттік округтері кіреді. 2012 жылы сүзек, түйнеме, көкжөтел, сал, сіреспе, қызылша, полиомиелит, малярия, құтыру аурулары тіркелмеген. 2011 жылмен салыстырғанда коклюш 2 есеге, менингит 1, паротит 3 оқиғаға, сальманеллез 1,2, туберкулезге шалдығу 1 есеге азайған. Ішек жұқпасы мен тамақтан жаппай улану оқиғасы болмаған. Өткен жылдың күз және қыс мезгілдерінде 12754 өткір респираторлық вирусты жұқпасы тіркеліпті. 15208 адам тұмауға қарсы екпе алған. Ет комбинаты мен туристік база аумақтарының 117535 шаршы метр жері жұқпаға қарсы бұқырланған.

Орал қалалық ішкі істер басқармасы мен қалалық әкімшілік қызметкерлерінің қатысуымен рұқсат етілмеген жерлердегі саудаға рейд жүргізіліп, 321 айыппұл салынған. Самса мен кәуәп пісіретін дүңгіршектердің жұмысын тоқтату үшін 5 іс сотқа жолданған. 30 дүңгіршек өз жұмысын тоқтатты. «Жайық» СҮ, «Юбилейный» базарларында жабайы сауда тоқтатылған. Құбырдағы ауыз судан 455 сынама алынып, соның 0,4 пайызы талапқа сай келмеген. Сондай-ақ қаладағы сүт өнімдерін шығаратын «Береке», «Жастық» ЖШС, «Ақас» ШҚ өнімдерінен 250 сынама алынып, оның 20-сы талапқа сай еместігі анықталған.