Орал қаласында студенттер үшін «Денсаулық» жастар орталығын ашу ойластырылып отыр

ОРАЛ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында студенттер үшін «Денсаулық» жастар орталығын ашу ойластырылып отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ауруды емдеу және алдын алу бөлімінің бастығы Мәншүк Аймұрзиеваның айтуынша, жаңа жыл қарсаңында Батыс Қазақстан медицина колледжі жанынан алғашқы медициналық санитарлық көмек орталығы ашылған болатын. Оны күрделі жөндеуге 37 млн. теңге бөлінсе, 4 млн. 700 мың теңгеге құрал-жабдықтар сатып алынды. Бұл орталық 40 мыңдай тұрғыны бар Зашаған кентінде жаңа емхана салынғанша қызмет етіп, содан кейін таза жастар орталығына айналмақшы. Жоба бойынша әзірге он кабинет жеткілікті. Психолог, психиатр, тері-венерологиялық, балалар гинекологы, дерматолог дәрігерлер жұмыс жасайтын болады. 5 косметолог маман Алматы қаласында арнайы оқытылды.
Соңғы жаңалықтар