Орал қаласында тұрғын үй құрылысына 5 миллиардтан астам теңге жұмсалды

ОРАЛ. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында өткен жылы тұрғын үй құрылысына 5 миллиардтан астам теңге жұмсалды. Бұл – инвестицияның 13 пайызы,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімдігінен түскен мәліметке сілтеме жасап. Барлық қаржы көздерінен жыл ішінде жалпы аумағы 127 мың шаршы метр 1316 пәтер салынды. Осының 75 мың шаршы метрі тұрғындар үлесіне тиеді. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына сәйкес республикалық бюджет есебінен жалпы көлемі 38,2 мың шаршы метр несиеге берілетін бес үй тұрғызылса, «Альтаир» ЖШС 12,5 мың шаршы метр екі коммерциялық тұрғын үйді іске қосты. Жас отбасыларға арналған 90 пәтерлік үй қала салтанатын арттырса, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша барлығы 203 пәтерлік екі тұрғын үй құрылысы басталды. Сондай-ақ жалға берілетін тағы екі коммуналдық үй (154 пәтер) салынуда.
Соңғы жаңалықтар