Орал қаласында зейнеткерді жәбірлеген бұзақылар ұсталды

АСТАНА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат - Бұзақы балалар түннің ортасында зейнеткердің үйіне кіріп, ақшасын алып кеткен, деп хабарлады БҚО ІІД баспасөз қызметінен Гүлшат Молдағалиева.
None
None

2010 жылғы шілденің 11-інде түнгі сағат 03.00-дер шамасында белгісіз екі адам мас күйінде Орал қаласындағы Нефтебаза көшесінде орналасқан үйлердің біріне ұрлыққа түседі. Үйдің терезесін кірпіш таспен сындырып, бағалы заттарды ұрламақ болады. Осы мезетте үй иесі 84 жасар Л. үйде шыққан дауыстан оянып кетіп, бөлмесінен дәлізге шықса, үйді тонап жатқан екі белгісіз адамды көреді. Шошып кеткен ол, бөлмесіне қайта кіріп, төсегіне барып бүркеніп жатып алады. Үй иесінің бөлмесіне қашып кіргенін көріп қойған ұрылар артынан тұра жүгіріп, бөлмедегі зейнеткер айқайлап көршілері полицияға хабарласып қоймасын деп, мойнынан қылғындырады. Қала берді зейнеткердің үні шықпас үшін жастықпен тұншықтырып, кереуеттің жанында тұрған бөлмешамын қолына алып, ұра бастайды. Кейуана жанын сақтап қалу үшін «не керек?» деп сұрайды. Әлгі екеуі осы кезде ұруын тоқтатып, бағалы заттарын беруін талап етеді. Зейнеткер емделуге сақтап жүрген 20 000 теңге ақшасы мен МР3 плеерін ұстата салады. Ақша мен плеерді алған қарақшылар тез арада үйден шығып, бой тасалайды. Зейнеткер көп уақыт өткізбей полицияға хабарласып, болған жайтты жайып салады. Осы кезде болған қылмысты шұғыл іздестіруге кіріскен тәртіп сақшылары жасы кәмелетке толмаған екі баланы қолға түсірді. Оның бірі балалар үйінің тәрбиеленушісі болса, ал екіншісі бұзақылықтан құр жүрмеген болып шықты.

Қазіргі уақытта олардың үстінен ҚР ҚК 179 бабының 2 бөлімі а, в, г тармақтары бойынша іс қозғалып, уақытша оқшаулау абақтысына қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар