14:41, 15 Ақпан 2013 | GMT +5
Орал қаласында Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхана үшін жаңа ғимарат салынады
ОРАЛ. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Орал қаласының жаңа шағынауданынан Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы үшін заманауи ғимарат салынатын болады.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, биыл ғимараттың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу, ал алдағы жылы оның құрылысын бастау көзделіп отыр. Кітапхана болашақта басқа да сәнді ғимараттармен қатар бой түзейтін болады. Онда қаладағы барлық кітапханаларды да орналастыруға болады.
Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхана директоры Роза Исатаеваның сөзіне қарағанда, Карев үйінде орналасқан аталмыш кітапханада қазіргі кезде 300 мыңнан астам кітап қоры бар. Халықтың сұранысына ие мерзімді басылымдарды ұзақ мерзімге сақтау орынның тарлығына байланысты мүмкін болмай отыр.