Орал қаласында жаңа бағдаршамдар орнатылуда

ОРАЛ. 28 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында соңғы кезде бағдаршамдарды ауыстыруға, жаңадан қондыруға ерекше көңіл бөлініп келеді.
None
None

БҚО ІІД жол полициясы басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, талдау көрсеткеніндей, айталық, ширек ғасырдан астам уақыт бойы жол қозғалысына қызмет еткен 11 бағдаршам ауыстыруды қажет етеді. Биыл жергілікті бюджеттен үш бағдаршам алуға қаржы бөлінген. Соның екеуі Әбілқайыр хан даңғылы-Қонаев, Жәңгір хан-Брусиловский көшелері қиылысында орнатылды. Сондай-ақ Әбілқайыр хан-Мирзоян көшесі қиылысындағы ескі бағдаршам жаңасымен ауыстырылмақ.

Соңғы жаңалықтар