17:38, 22 Қаңтар 2009 | GMT +5
Орал қаласында жас қызды аса қатыгездікпен өлтірген қылмыскер ұсталды
ОРАЛ. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында жас қызды аса қатыгездікпен өлтірген қылмыскер ұсталды.

Бұл туралы бүгін облыстық ішкі істер департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Еркін Іңкәр мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл оқиға өткен жылғы желтоқсанның 6-сында болған еді. Орал қаласының тұрғыны, 1986 жылғы Мөлдір есімді қызды өз үйінің кіреберісінде біреу ауыр жарақаттап, соның салдарынан бойжеткен ауруханада есін жимастан қыршынынан қиылған болатын.
Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет сотталған, жуырда ғана түрмеден босанып шыққан Ш. есімді азамат қолға түсіп, бұлтартпас дәлелдемелердің негізінде қылмысын мойындады. Енді ол қатаң жазаланатын болады.