Орал қаласында жеті есірткі нүктесінің көзі жойылды

ОРАЛ. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Наркощит» жедел алдын алу шарасы барысында Орал қаласында 24,18 грамм есірткі заты тәркіленсе,

Орал қаласында жеті есірткі нүктесінің көзі жойылды
соның 4,19 грамы ? героин, 18,39 грамы ? марихуана. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, шара басталғаннан бергі үш күннің ішінде есірткі сатумен айналысқан бес адам құрықталып, қылмыстық жауапкершілікке, сондай-ақ он кісі әкімшілік жауапқа тартылды. Биылғы жыл басынан бері есірткі қылмысына қатысы бар 22 адам ұсталып, оның сегізі есірткі заттарын сатқаны үшін жауапқа тартылды. Жедел уәкілдердің жіті қимылы арқасында Оралда жеті есірткі нүктесінің көзі жойылды.