Орал қаласында «Жол картасына» сәйкес 1 миллиардтан астам теңгенің жұмыстары атқарылды

ОРАЛ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында 2009 жылы «Жол картасына» сәйкес 1 млрд. 50 млн. теңге бөлінсе, соның 800 миллионнан астамы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына жұмсалды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, облыс орталығын абаттандыруға ерекше көңіл бөлінді. Мысалы, 12 гүлзар мен алаң абаттандырылса, соның жетеуіне субұрқақ орнатылды.

Қала көшелері жолдарын жөндеу мен салуға 1,2 млрд. теңге қаралса, соның ішінде «Жол картасына» сәйкес 234 млн. теңге берілді. Өткен жылы Гринько, Брусиловский көшелеріне қатқыл табанды жол салынса, биыл Московская көшесінде осында жұмыстар жүргізілмек.

«Жол картасына» сәйкес 1300 жаңа жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ 87 ұйыммен келісімшарт жасалып, 614-тің орнына 1462 адам әлеуметтік жұмыс орнына жіберіліп, жоспар 2,4 есеге орындалды. Республикалық бюджеттен бұл мақсатқа 55 млн. теңге жұмсалды. Жастар тәжірибесімен қамтуға республикалық қазынадан 66 млн. теңге беріліп, 973-тің орнына 1516 жас маман өз орнын тапты. Сол секілді 650 жұмыссыз 22 мамандық бойынша 11 оқу орнында қайта даярлықтан өткізілді.

Соңғы жаңалықтар