Орал қаласында жұмыссыздар оқытылуда

ОРАЛ. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында жұмыссыздар оқытылуда,

Орал қаласында жұмыссыздар оқытылуда
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыспен қамту және әлеуметтік әріптестік секторының меңгерушісі Бейбіт Сүлейменовтің айтуынша, бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 25 млн. теңге бөлінген. Осы қаржыдан әр жұмыссыздың оқуы, жолы, тамағы және медкомиссия шығындары төленеді. Жоспар бойынша 570 жұмыссыз оқуға жіберілуі тиіс. Қазір 412 адам білім алуда. Сондай-ақ 112-сі облыстық білім басқармасы жүйесі бойынша оқуда. Әдетте бастауыш кәсіптік білім газбен, электрмен дәнекерлеуші, аспаз-кондитер, шаштараз, дербес компьютер операторы сынды мамандықтар бойынша беріледі. Сондай-ақ мамандығы барлар басқасына оқи алады. Бұл бағытта 13 әлеуметтік әріптес жұмыс жасайды. Олар ? жеті қалалық кәсіптік лицей, үш оқу орталығы, М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ, «Самат» ЖШС және жүргізушілер одағы.