Орал қаласындағы бір көшеге өңірге танымал өндіріс басшысы Б.Молдашевтің есімі берілді

ОРАЛ. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласындағы Долинная көшесіне Батыс Қазақстан облысына танымал өндіріс басшысы Болат Молдашевтің есімі берілді,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Болат Ғинаятұлы 1977 жылдан 1995 жылға дейін Оралдағы ірі өндіріс орындарының бірі - «Омега» прибор жасау зауытына басшылық етті. Кейін «Омега» ААҚ президенті болған ол өмірінің соңғы жылдары осындағы «Таза су» жобасына жетекшілік жасады. Зейнет жасында болса да, осы жобаны өндіріске енгізу мақсатында Ресейдің Владимир қаласында іссапармен жүргенде кенеттен дүние салды. Қазіргі кезде «Таза су» қондырғысы Қазақстан аймақтарына жөнелтілуде.

Б.Молдашевтің есімін мәңгі есте қалдырудағы осы бір қадамға аталмыш зауыт қызметкерлері мен ардагерлері, Долинная көшесінің тұрғындары және қалалық мәслихат депутаттары ұйытқы болды.

Соңғы жаңалықтар