Орал қаласындағы есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты кешенінің бишілері Астанадан бас жүлдемен оралды

ОРАЛ. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласындағы есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты кешені тәрбиеленушілері түрлі байқаудан жүлдемен оралып жүр,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Роза Сүйіншәлиеваның айтуынша, таяуда «Жалын» бишілер тобы Астанада өткен жас таланттардың «Әнші қолдар» республикалық шығармашылық фестивалінде би аталымынан бас жүлдені иеленді. Аталмыш мектепте «Арман» би ұжымы бес жылдан бері жұмыс жасайды, онда әр жастағы балалар өнер көрсетеді. Ал «Жалын» би тобы тек ер балалардан құралған. Ерлан Қадыров елордада жекелей де сахнаға шықты. Ол брейк-данспен де етене айналысады. Ең бастысы, балалар ел астанасынан үлкен әсермен оралды.

Соңғы жаңалықтар