Орал қаласындағы қазақ-түрік лицейі театрда өз көрмесін ұйымдастырды

ОРАЛ. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласындағы ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейі облыстық қазақ драма театрында өз көрмесін ұйымдастырды,


Орал қаласындағы қазақ-түрік лицейі театрда өз көрмесін ұйымдастырды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мұнда лицейліктер өз жобаларын таныстыруда. Үш жыл бұрын ашылған аталмыш оқу орны шәкірттері содан бері халықаралық, республикалық байқауларда табыстарға жетіп үлгерді. Мәселен, 2008 жылы Әбен Аязбаев Хьюстонда өткен олимпиадада күміс медальды еншілесе, биыл Әлібек Ғабдылалимов Азия Тынық мұхит халықаралық математикалық олимпиадада жүлдегер атанды. Ал Ғалымжан Асылханов Бакуде өткен халықаралық экология олимпиадасынан алтын медальмен оралды. Лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Алмас Мұқановтың айтуынша, түлектер мектеп бітіргеннен кейін орта білімі туралы аттестатпен қатар компьютер мен төрт тілді меңгергені жөнінде сертификат алады. Директордан басқа Түркиядан келген үш педагог химия, биология және шетел тілінен дәріс береді.