Орал қаласының әкімі есептік кездесулерін өткізуде

ОРАЛ. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласының әкімі Самиғолла Оразов есептік кездесуін Круглоозерный кенттік округінен бастады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жиында атқарылған жұмыстар мен алда тұрған мақсат-міндеттермен қатар өткен жылғы есептік кездесуде айтылған ұсыныс-пікірлерге байланысты қорытынды шығарылғаны айтылды. Мәселен, Круглоозерный кенті көшелерін жарықтандыру қолға алынып, шамдар орнатылды. Ауылдың тұрғындар қоныстанатын жаңа шағынауданында су құбыры құрылысы басталып, электр желісін тартуға 17 млн. теңге бөлінді. Дәрігерлік амбулатория құрылысы 2010 жылдан 2009 жылға ауыстырылса, орта мектепті (61 млн. теңгеге) күрделі жөндеу осы жылдары екі кезеңмен жүзеге асырылмақ. Қала әкімі арнайы жәшік арқылы түскен тұрғындар сауалдарына да жауап берді. Бүгін осындай кездесу Зачаган кенттік округінде өткізілмек. Қала басшысының қорытынды есебі қаңтардың 29-ына белгіленіп отыр.
Соңғы жаңалықтар