Орал қаласының әкімі қорытынды есептік кездесуін өткізді

ОРАЛ. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласының әкімі Самиғолла Оразов қаңтардың 29-ында тұрғындармен қорытынды есептік кездесуін өткізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Шаһар басшысы өткен жылдары атқарылған жұмыстармен қатар алда тұрған міндеттерді де саралап айтып берді. Айталық, облыс орталығында өнеркәсіп өнімінің көлемі 41 млрд. теңгеге жетсе, инвестиция 22 млрд. теңгені құрады. Негізгі азық-түлік түрлерінің бағасын тұрақтандыру шаралары алынды. Соның нәтижесінде қалада «Қазагромаркетинг» АҚ-ның мониторингі бойынша 26 негізгі азық-түлік өнімінің 18-і бойынша баға республикалық орта көрсеткіштен төмен болып отыр. Қалада жаңадан іске қосылып жатқан тұрғын үй, әлеуметтік сала нысандары да аз емес. Қаладағы оң өзгерістер биыл да жалғасатын болады. Бұған дейін қала басшысы Оралға қарасты кенттерде, орта мектептерде тұрғындармен кездесіп, олардың сауалдарына жауап берген болатын.
Соңғы жаңалықтар