Орал қаласының әкімі шаһардың тыныс-тіршілігімен танысуда

ОРАЛ. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Орал қаласының әкімі Алтай Көлгінов облыс орталығының тыныс-тіршілігімен танысуда.
None
None

Бұдан бұрын Круглоозерный, Деркөл кенттік округтерінде әлеуметтік нысандарды аралап, тұрғындармен кездескен қала басшысы кеше Желаев кентінде болды. Бұл жолы Алтай Көлгінов «Желаев наны» наубайханасында және ғимараттың қасбеттеріне арналған материалдарды, қаңылтыр жабындыларды, әйнектерді шығаратын «Агран» ЖШС-да болды.

Наубайханада нанның 15 түрі дайындалады, соның ішінде бағасы 40 теңге тұратын «әлеуметтік» нандар дүңгіршектерде сатылады. Ал 70 адамды жұмыспен қамтып отырған «Агран» кәсіпорны Атырау мен Ақтөбеде бөлімшелерін ашқан. Ол өз өнімдерін жаңа технология негізінде тұтынушы талабына сай дайындайды. Қала әкімі сондай-ақ жергілікті әлеуметтік нысандардың жұмысымен де танысты.

Әкім сонымен қатар Орал қаласындағы құрылыс нысандарында болды. Атап айтқанда, «Мирлан» базарына қарсы салынып жатқан арбат құрылысы, Жеңіс алаңы маңындағы Жайық жағалауы, жылу-электр орталығының құбырлары және басқа маңызды нысандар қала басшысының назарынан тыс қалмады.

А.Көлгінов бүгін Зачаган кентінің тыныс-тіршілігімен де танысты. Зачаган - қаладағы халқы барынша тығыз орналасқан, ірі-ірі әлеуметтік нысандары, өндіріс орындары бар, соңғы кезде құрылысы қызу жүріп жатқан аймақ.

Соңғы жаңалықтар