Орал қаласының бірқатар ықшам аудандары жайсыз ауа райы салдарынан жарықсыз қалды

ОРАЛ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласының бірқатар ықшам аудандарының тұрғындары жайсыз ауа райы салдарынан жарықсыз қалды.

Орал қаласының бірқатар ықшам аудандары жайсыз  ауа райы салдарынан жарықсыз қалды

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, қаңтардың 3-і күні түнде Нұрпейісова, Ақтөбе, Қазталов көшелері, «Болашақ» балабақшасы, №31 мектеп ауданы, Зачаган ауылы тұрғындары үйлерінде жарық сөніп, электр желісі он сағат уақыттан кейін, кеше қалпына келтірілді.

Жаңбырдың соңы қарға ұласып, кеше күн қайта суытты. Қаңтардың 4-5-і күндері облыста түнде 20-25, күндіз 15-20 градусқа дейін күн суытатыны жөнінде департамент тарапынан тиісті орындарға жедел хабар берілді.