Орал қаласының тұрғыны есірткінің күшті түрі ? героинмен ұсталды

ОРАЛ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ақпанның 7-сінде Орал қаласында тұратын В. есімді 1984 жылғы азаматша С. деген азаматқа Алматы, Просторная көшелерінің қиылысында салмағы 14,85 грамм тұратын героин сатқан,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сол күні қолға түскен В-дан салмағы 4,58 және 5,06 грамм екі орам героин тәркіленді. Героин есірткінің күшті түрі болып есептеледі. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде. Бұдан бұрын Теректі ауданы Ақжайық ауылының тұрғыны, 1963 жылғы А. деген азаматтан 1,46 грамм марихуана табылған болатын.
Соңғы жаңалықтар