Орал қаласының тұрғыны телекоммуникация жәшігін жарып жіберемін деп қоңырау шалды

ОРАЛ. 22 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласының тұрғыны Т. деген әйел адам 21 қараша күні Еуразия көшесі бойында орналасқан «Қазақтелеком» АҚ ғимаратынан өз үйінің алдындағы телекоммуникация жәшігін жарып жіберемін деп хабарлаған.
None
None

Қала прокуратурасынан түскен мәліметке қарағанда, осыған байланысты «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері құқық қорғау органдарын шақырған. Аталған факті бойынша қала прокуроры Орал қалалық ІІБ Абай полиция бөлімі жедел тергеу тобымен және ІІД, ҰҚК БҚО бойынша департаменті, төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен бірлесіп оқиға орнын тексерген кезде ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Жалған қоңырау шалынған болып шықты.

Т. өз іс-әрекетін телекоммуникацияны жөндеу кезінде тыныштық бермеген «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлеріне ызаланғаннан деп түсіндірді.

Қазіргі кезде тергеуалды тексеріс жүргізіліп, оқиғаның себеп-салдары анықталуда.

Соңғы жаңалықтар