Орал көрме залында батысқазақстандық қылқалам шеберлерінің туындылары қойылды

None
None
ОРАЛ. 29 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал көрме залында батысқазақстандық қылқалам шеберлерінің туындылары қойылды.

Көрме залының директоры Нұртай Жәрдемовтің айтуынша, бұл қорытынды көрмеде барлығы 36 автордың түрлі жанрдағы еңбектері көрермендер назарына ұсынылған. Олардың арасында тәжірибелі, сондай-ақ жас суретшілер де бар. Мәселен, КСРО және Қазақстан сәулетшілер одағының мүшесі Анатолий Антоненко өз картиналарында Ұлы Жібек жолын суреттесе, Василий Сумароков, Сергей Владимиров, Қанат Оразов, Бекжан Жұмабаевтардың туындылары да өзіндік ерекшелігімен көз тартады. Сатыбалды Құлбековтің «Үлкен су» атты картинасында өңірдегі биылғы су тасқыны бейнеленсе, Хайдар Шаблиев «Жолбарыспен саяхат» еңбегінде жолбарыс пен кішкентай қыздың қатар келе жатқаны көрініс тапқан. Жас суретші Марс Серікұлы өз жұмысын тұңғыш рет қойып отыр.

Соңғы жаңалықтар
telegram