Оралда 13-қабаттан құлаған жас жігіт мерт болды
ОРАЛ. KAZINFORM — Оралда 14 қабатты тұрғын үйде қайғылы оқиға болды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 11 мамыр күні түскі мезгілде «Құрылысшы» шағынауданында болды.
Алдын ала мәлімет бойынша 13-қабаттан 27 жастағы азиат пішіндес жас жігіт құлап кеткен. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді.
— Алған жарақаттары салдарынан марқұм оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде оқыс оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр, — деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автосалонда төрт әйелдің жарақат алуына байланысты тексеру жүргізіліп жатқанын жазған едік.