Оралда 15 жасар қыз тоғызыншы қабаттан секіріп кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Кеше кешке сағат 19.55 шамасында Орал қаласындағы Жданов көшесі 14-үйдің жанынан 2000 жылғы қыздың мүрдесі табылды. Ол тоғызыншы қабаттан секіріп кеткен.

Оралда 15 жасар қыз тоғызыншы қабаттан секіріп кетті

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Оқиға орнынан кілттер, ұялы телефон, жүк сөмкесі (рюкзак), қан дағы табылған.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып, аталған дерек бойынша Орал қалалық ішкі істер басқармасы тергеу амалдарын жүргізуде.

Облыстық спортқа дарынды балалар мектеп-интернатының директоры Қанат Жанғалиевтің айтуынша, 15 жасар Анастасия Агибалова 9-сыныпта оқыған. Волейбол бөлімінің тәрбиеленушісі болған.