Оралда 257 қару жойылды (ФОТО)
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 7 қараша күні «Казармапром» ЖШС-да 257 қару мен екі арнайы құрал балқытуға жіберілді.
БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 213-і - тегіс ұңғылы аңшылық қару, сондай-ақ 4 шолақ мылтық, 23 газды тапанша, 2 пневматикалық қару, 8 травматикалық қару бар. Бұлар - негізінен азаматтар өз еркімен тапсырған, сонымен қатар тәркіленген қару-жарақ. Соның ішінде кәсіпкер В.Каркуланы өлтіру кезінде қылмыскерлер қолданған шолақ мылтық та бар.
Айта кетейік, азаматтарға қаруларын өз еркімен тапсырғаны үшін биыл 10,748 млн. теңге көлемінде сыйақы төленді.