Оралда 33 жастағы тұрғын адамдарды қорқытып, ақша бопсалаумен айналысқан

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында қорқытып ақша бопсалаумен айналысқан 33 жастағы тұрғын ұсталды.

бопсалау
Фото: Polisia.kz

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, күдікті әлеуметтік желіде жалған аккаунт ашып, өзін әйел ретінде көрсетіп, жәбірленушілермен танысқан.

- Кездесуде өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, олардың іс-әрекеті заңсыз екендігін айтып, қорқытып ақша бопсалаған. Осылайша, жәбірленушілер оған 3 млн астам теңге берген. Күдікті қолға түсіп, 3 эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да интернет-алаяқтық қылмысы 27,7 пайызға өсіп кеткенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар