16:06, 22 Қараша 2011 | GMT +5
Оралда ақын А.Бақтыгереева атындағы дәрісхана ашылды
ОРАЛ. 22 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Бүгін М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева атындағы дәрісхана ашылды.

Дәрісхананың ашылуымен облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, облыс әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары Шыңғыс Мұқан, аталмыш университет ректоры, педагогика ғылымдарының докторы Асхат Иманғалиев және басқалар құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді.
А.Бақтыгереева өз сөзінде университет ұжымына алғысын білдіріп, дәрісхананың жыр қалықтайтын тәрбие орталығына айналуына өз үлесін қосатындығын жеткізді.
Жалпы, университетте осы шаңырақта еңбек еткен Мәтжан Тілеужанов, Ғабдрахим Әбуханов, Отарәлі Бүркітов сынды белгілі ғалымдардың дәрісханалары жұмыс жасайды.