Оралда ақын Ұ.Сариеваның шығармашылық кеші болды

ОРАЛ. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат -  Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында 6 желтоқсан күні ақын, журналист Ұлдай Сариеваның 55 жасына орай «Өмірім дедім...» атты шығармашылық кеші болды.
None
None

Республика көлемінде мойындалған ақын Ұ.Сариева өлең өлкесінде өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан бері еңбектеніп келеді. Ол - «Жапырақ ғұмыр» атты жыр жинағының, «Көке» зерттеу кітабының авторы.

Ақынға облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен, облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Марат Лұқпановтың атынан құттықтаулар оқылды. Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Беркінғали Ғабделов, «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Сафуллин, ақын Ғайсағали Сейтақ, Қазталов, Ақжайық аудандары әкімдерінің орынбасарлары Сәрсенбай Молдашев, Меңзипа Жұматова және басқалар елдің ыстық ықыласын жеткізді. Ақындар Махмет Қажиахметов, Сағынтай Бисенғалиев, Жансая Мусиналар Ұлдай Сариеваға арналған өлеңдерін оқыды.

Кеште облыстық қазақ драма театрының бас режиссері Мұқанғали Томанов әзірлеген ақынның өлеңдерінен сахналық көрініс қойылды.

Ұлдай Сариеваның сөзіне жазылған әндерді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қатимолла Бердіғалиев, сондай-ақ Ақмарал Ахметова, Дастан Есентеміров, Баян Қабиева, Гүлбаршын Қасиетова, Тілек Мықтыбаевтар орындады.

Ақынның құшағы гүлге, жиналған халықтың көңілі өлеңге толып, кеш жақсы әсер қалдырды.

Соңғы жаңалықтар