Оралда Алаштануға арналған жаңа кітаптың таныстырылымы болды
ОРАЛ. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында белгілі тарихшы, ғылым докторы, профессор Дина Аманжолованың «Сын сәтінде Алаш Қазақстанның этносаяси тарихында» атты жаңа кітабының таныстырылымы болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының өкілдері, жергілікті алаштанушылар қатысқан басқосуда өткен жылы тоқсан жылдығы аталып өтілген Алаш қозғалысы туралы сүбелі еңбектің басылып шыққаны назар аударарлық оқиға екені, сонымен қатар бұл тақырып әлі де зерттей түсуді қажет ететіндігі атап өтілді. Мәскеу қаласында тұратын ғалым Дина Аманжолова өз кітабында Алаш қозғалысына байланысты мұрағат құжаттарын пайдалана отырып, шетелдік, қазақстандық ғалымдардың еңбектеріне де тоқталған.
«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенжебай Нығметтің айтуынша, мұндай кітаптар ел тарихын жаңаша зерделеуде аса қажет.