Оралда «Алтын алма» көтерме сауда орталығы жанды

ОРАЛ. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Оралда мереке қарсаңында «Алтын алма» көтерме сауда орталығының №1-жабық сауда корпусында өрт болды.

Оралда «Алтын алма» көтерме сауда орталығы жанды

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен түскен мәліметке қарағанда, өрт екі сағат он минутта сөндірілді. Оған өрт сөндіру қызметінің 42 адамы мен 8 техникасы жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.

Жалынның шығу себептері, келтірілген шығын мен кінәлі адамдар анықталуда.