Оралда «Ән салады жастық шақ» атты жас бард әндерін орындаушылардың облыстық фестивалі өтуде
ОРАЛ. 1 маусым. ҚазАқпарат - Оралда бүгін БҚО білім басқармасы мен облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен «Самал» туристік лагерінде «Ән салады жастық шақ» атты жас бард әндерін орындаушылардың VІІ облыстық фестивалі басталды.
Дәстүрлі фестиваль жастарды елжандылыққа тәрбиелеу, авторлық әндерді насихаттау, бард әндерін орындаушылардың шығармашылық деңгейін көтеру мақсатында өткізіліп отыр. Фестивальға 15 жасқа дейінгілер, 15-18 жас және 18 жастан жоғары жастар қатысып, «Орындаушы», «Автор», «Ансамбль» (дуэт, трио, квартет) аталымдары бойынша сынға түсуде.
Фестиваль лауреаттары анықталғаннан кейін жеңімпаз-жүлдегерлер гала-концерт қояды.