Оралда «Ана тілі аруы ? 2009» байқауы өткізілді

ОРАЛ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Ана тілі аруы – 2009» байқауы өткізілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Халқымыздың ұлттық салт-дәстүрін ұлықтап, жас ұрпақтың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өткізілген сайысқа барлығы он екі үміткер қатысып, би және саз бөлімінің студенті, әнші Эльмира Таудаева бас жүлдені жеңіп алды. Ол енді республикалық байқауға қатысады. Сондай-ақ сайыс қорытындысында Гүлдана Серғазиева ? «Көрермен көзайымы», Гүлжайна Ғұмарова ? «Өнерлі ару», Рысты Тәржіманова ? «Инабатты ару», Айнұр Ғұсманова «Білімді ару» атанды.
Соңғы жаңалықтар