17:16, 29 Тамыз 2009 | GMT +5
Оралда әскери қызметкерлер арасында «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты аймақтық байқау өткізілді
ОРАЛ. Тамыздың 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралдағы №5517 әскери бөлімде өзге ұлт өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты аймақтық байқау өткізілді. Оған Ақтөбе, Атырау, Ақтау және Орал қаласындағы әскери бөлімдерден келген үміткерлер қатысты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақша сөйлесейік» атты республикалық іс-шарасы аясында «жасотандықтармен» бірлесіп ұйымдастырылған байқау барысында өзге ұлт өкілдері қазақ тілінде мақалдап сөйлеп, өз өнерлерін көрсетті. Үш кезеңнен тұратын сайыс қорытындысында Ақтау қаласындағы №3502 әскери бөлімінен келген Руслан Рушанский жеңімпаз атанып, республикалық сынға жолдама алды.