Оралда ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 қараша күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде метеорологиялық жағдай қолайлы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Болжамға сәйкес Оралда қолайсыз иметеожағдай ауада зиянды заттардың шоғырлануына ықпал етеді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.