12:45, 28 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Оралда ауған соғысы ардагерлері бас қосты
ОРАЛ. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласындағы Жастар мәдениет үйінде ауған соғысы ардагерлері бас қосты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қала әкімінің орынбасары Талғат Нығметовтің атап өткеніндей, аталмыш соғыс ардагерлері өз ұйымшылдығын ұдайы көрсетіп келеді. Бұдан бұрын Орал қаласындағы Мәңгілік алау жанындағы тақтаға ауған соғысында қаза тапқандардың есімдері жазылып, ескерткіш қойылды. Енді арнайы саябақ та ашылмақшы.
Шара барысында бір топ ардагерлерге ауған соғысының аяқталуының 20 жылдығына арналған естелік медаль мен алғысхаттар табыс етілді. Ауғандық жауынгерлердің балалары мен немерелеріне арналған жаңажылдық шырша да ұйымдастырылды.