Оралда аязға байланысты бастауыш сынып оқушылары мектепке бармайды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда аязға байланысты мектептерде бірінші ауысымда 1-4 сынып оқушылары бүгін де қашықтан оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

БҚО гидрометеорология орталығы мәлім еткеніндей, жергілікті сағат 07.00-де Оралда 25 градус аяз болды.

Желдің жылдамдығы - секундына 6 метр.

Қалада кешеден бері боран соғып тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда бастауыш сыныптар және 1-9 сынып оқушылары қашықтан оқитынын, БҚО-да барлық бағыттағы жолдар жабылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар