Оралда әйел-ана, аруларға құрмет көрсетілді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Салтанат сарайында әйелдерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Оралда әйел-ана, аруларға құрмет көрсетілді (ФОТО)

Бұл күні Салтанат сарайына түрлі сала өкілдері, ардагер-аналар, қоғам белсенділері, мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпкерлер жиналды.

Кездесуде өңір басшысының атап өткеніндей, әйелдердің қоғамдағы орны ерекше, еліміздің дамуына қосар үлестері де өлшеусіз. Олардың араласпайтын жұмыс саласы жоқ деуге болады. Сонымен қатар әйелдер сүйікті жар, ардақты ана ретінде әр шаңырақтың ұйытқысы болып, елдің ертеңі - жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуге де үлгеріп келеді.

Бұдан кейін дастархан басында өрбіген емен-жарқын әңгіме барысында әйелдер өз салаларында атқарылған жұмыстар жөнінде айтып, Елбасы мен мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау мен қамқорлыққа орай ризашылықтарын білдірді. Қатысушыларға гүл шоқтары мен мерекелік тарту-таралғылар ұсынылды.

Айта кетейік, өңірде Халықаралық әйелдер күніне арналған шаралар жалғасуда. Мысалы, бүгін сондай-ақ облыстық қазақ драма театрында «Сізге деген махаббатпен» атты мерекелік бағдарлама қойылса, Зашаған кентіндегі «Арман» спорт кешенінде спорт ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

2 3 4 5 6